БҰҰ-ның Қайырымдылық істерді үйлестіру жөніндегі кеңсесі Тәжікстандағы су тасқыны мен шегірткемен күреске көмектесу үшін 1,9 млн доллар қаржы бөлуге донор елдерді шақырды. Тәжікстанда өткен қыста өте қалың қар жауып, сол қалың түскен қар енді ери бастаған. БҰҰ елде ауа райының жылынуынан басталған су тасқынына алаңдаушылық танытып отыр. Сонымен қатар, Тәжікстанның көп аймағын шегіртке басып кеткені хабарланып, БҰҰ күн жылынған сайын бұл проблема ушығып кететінін ескертіп отыр.