Accessibility links

Данияр есімді алматылық студент Қазақстан қоғамы және билік жүйесі жайында


- Қазақстанда жағдай жаманг деп айтуға болмайды, дұрысталып келе жатыр. Бірақ, шынын айтқанда, ресми айтылатындардың жартысы өзі мақтау ғой. Қараған адамға сондай боп көрінеді.

Елбасымыз проблемалардан қашқақтап жүр деп айтуға да болмайды – шешуге тырысып жатыр. Кейбір қиыншылықтар, мысалы, осы Қазақстанда бар кейбір проблемалар елбасына жетпей жатыр ма деп те ойлайсың кейде. Дегенмен, өз басым Қазақстанның болашағына сенем, болашағымыз әлі алда. Біздің елбасымыз да жақсы, бірақ ол енді, демократиялық тұлғадан гөрі өзге авторитарлық лидерлерге де ұқсайды.

Бір адамның қолынан ештеңе келе бермейді ғой, оның айналасындағы адамдар, мүмкін оның ойын, халыққа істегісі келетін тірліктерін түпкілікті жеткізбейді-ау деп те ойлаймын. Сол билік орындарында отырғандар, Президенттің өзінен төменгі буындары дұрыстап жұмыс істемейді.

Менің түсінігім бойынша, Қазақстанда саясатты алып қарасаңыз, барлық нәрсе бір адамға шектеліп тұр, сөздің шыны керек. Егер, мысалы, табиғаттың өзінде жай қарапайым магнитті алсаңыз, ол оң және теріс полюстен тұрады. Яғни, таразы басы әрқашан тең болуы керек, күштің басы тең болуы керек. Егер бір күш, үлкен күш, басымдылыққа ие болса, онда қарама-қарсы күштер әсер етуі керек. Ондай тепе-теңдік табиғаттағы секілді саясатта да болуы керек.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG