Accessibility links

Қазақстанда азаптау фактілерінің алдын алу үшін түрмелерге кіру құқыне ие комитет құрылады


Қазақстанда Біріккен ұлттар ұйымының талабына сәйкес азаптау фактілерінің алдын алу үшін түрмелерге кіру құқы болатын комитет құрылады. Бұл туралы Астанада сәуірдің 23 күні Әділет министрлігінің басшылығы парламенттің жалпы отырысында хабарлады. Қазақстан парламентінің мәжіліс депутаттары «Азаптауға қарсы конвенцияның факультативтік хаттамасын ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдағанымен кейбір депутаттар аталған комитет адам құқығын қорғамайды деп жорамал жасап отыр.

1998 жылы Қазақстан Азаптауға қарсы конвенцияны бекіткен. Бірақ соңғы хаттамаға қосылмаған. Қазіргі кезде 69 мемлекетт хаттаманың қатысушысы болып есептеледі. Азаптауға қарсы конвенцияның факультативтік хаттамасында жазылғандай азаптау фактілерінің алдын алу үшін Біріккен ұлттар ұйымының талабына сәйкес комитет құрылуы тиіс. Парламент мәжілісінің депутаты Тито Сыздықовтың айтуынша комитет тәуелсіз орган болмаса ол формальді болып қалуы ықтимал.

Қазақстанның түзету мекемелерінің бірнешеуінде жазасын өтеп жатқан бір топ адам өз денелеріне жарақат жасаған. Бас прокурордың бірінші орынбасары Ілияс Бахтыбаевтың мәліметінше адамдарды азаптау фактілері бар, сотталғандарды ұрып соғады. Осыдан келіп олар өздерінің қарындарын жарып наразылықтарын білдіреді. Әділет вице-министрі Дулат Құсдәулетовтың айтуынша Арқалық қаласында жазасын өтеп жатқандарды азаптаған қылмыстық атқару жүйесінің 4 адамы 2007 жылы сотталды. Ал, «Түрмедегі реформалар» үкіметтік емес ұйымының төрайымы Вера Ткаченконың атуынша, мұндай оқиғалар жиі болып тұрады. Сондықтан, түрмелер мен колониялар қоғам үшін ашық болғаны жөн, дейді ол. Әділет вице-министрі Дулат Құсдәулетовтың айтуынша халықаралық тәуелсіз сарапшылар қазірдің өзінде түзету мекемелеріне кіре алады.

Мәжіліс депутаты Владимир Нехорошевтың прокуратураға сілтеме жасап хабарлауынша кейбір түзету мекемелеріндегі жағдай тіпті Біріккен ұлттар ұйымының бірінші конгресінде қабылданған ең төмеңгі стандарттарына сәйкес келмейді.

Хаттаманың үшінші бөлімінде айтылғандай құжатқа қосылған мемлекеттер жаңадан құрылғалы отырған комитет өкілдерін өз территориясындағы түрмелерге кіргізуі шарт. Оның сыртында комитет сұраған азаптауға қатысты ақпарат дер кезінде берілу керек. Қатысушы мемлекеттер хаттама күшіне енгенсоң кем дегенде бір жыл ішінде азаптау фактілерінің алдын алуға арналған бірнеше ұлттық шараларын жариялауы талап етіледі. Бірақ, Әділет вице-министрі Дулат Құсдәулетовтың айтуынша хаттамада міндеттелген шараларды Қазақстан бірнеше жыл бойы орындай алмайды.

Қазақстан омбудсменіне түскен өтінішдертің ішінде азаптауға қатысты шағымдар көбейіп келеді. Құқық қорғау органдарына қатысты барлық шағымдардың 15 пайызы азаптауға қатысты деп хабарланған. Адам құқығы жөніндегі ұлттық орталық жетекшісі Вячеслав Калюжныйдың айтуынша адам құқықтарын бұзған тергеушілердің әрекетін азаптау ұғымына кіргізу қиын. Әдетте оларға лауазымын шектен тыс пайдаланды деген айып тағылады. Ұлттық орталық мамандары түсіндіргендей бұл жағдайда айыпты азаптаудағы баптардағыдай қатты жауапқа тартылмайды. Жоғарыда аталған хаттамаға президент Назарбаев 2007 жылы 25 қыркүйекте қол қойды. Енді бұл құжат парламент сенатына жіберілді деп хабарланады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG