Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесі Грузия мен Ресей арасында ұшыққан дау мәселесін жабық есік жағдайында қарады. Грузиядан бөлінуге бет алған Абхазияда Грузия барлау ұшағы атып түсірілген соң, екі ел арасында дау шықты. Ресей үкіметі грузин ұшағын абхаз көтерілісшілері атып түсірді дейді. АҚШ сыртқы істер министрі Кондолиза Райс Грузия сыртқы істер министрі Девид Бакрадземен кездесіп, Грузия тәуелсіздігін толық қолдаймыз деді. АҚШ сыртқы істер министрлігі Грузия мен Ресейді нақты саяси келісімге келуге шақырды.