Accessibility links

Кеше басталған "Евразиялық Медиа Форум" бүгін аяқталады


Қазақстан президентінің үлкен қызы Дәриға Назарбаева басқаратын халықаралық баспасөз конференциясы кеше басталған. Дәриға Назарбаеваның бұрынғы күйеуі Рахат Әлиев саяси және қылмыстық қудалауға тап болған соң, Дәриғаның өзі бір жылдан бері қалың бұқара алдына алғаш рет шығып отыр. "Евразиялық Медиа Форум" Қазақстан үкіметінің бұқаралық ақпарат құралдарында биыл қарапайым оқиға ретінде көрсетіліп жатыр. Конференцияда сөйлеген Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев әлемде пайда болған азық-түлік дағдарысын басым айтты.
XS
SM
MD
LG