«Сарыарқа» кинотеатрының маңында шағын саябақта өткен шеруді Республикалық «Шаңырақ» қоғамдық қозғалысы ұйымдастырған. Онда республика бойынша тұрғындардың баспана, жер мәселесінің дұрыс, заңды түрде шешілмей, күннен күнге қиындап отырғандығына наразы халықтың үкіметке жан айқайы айтылды. Бұл наразылық шарасы қала әкімшілігі тарапынан ресми рұқсат етілген болса да, «Сарыарқа» кинотеатрының маңайы тәртіп сақшылары мен полицейлерге толы болды. Митингіге қатысқан азаматтардың көбі үй-баспана, жер мәселесінің ушығып, шешімін таба алмай отырғанына үкіметті кінәлап отыр.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Назарбаев сенбеген тұңғыш Конституция жобасының дауы
-
"Сатира қылмыс емес"
Қамауға алынған танымал паблик авторын қолдағандарды қудалау жалғасып жатыр