Accessibility links

БҰҰ азық-түлік дағдарысын реттеу шараларын қолға алды


Бас хатшы Пан Ки Мунның жетекшілігімен ғаламдық азық-түлік бағасының шарықтауын реттеу барысында жедел қызмет ететін орган құрылатын болды. Бұл жөнінде Пан Ки Мун Бернде Әлемдік банк пен Халықаралық қаржы қорының жетекшілерімен кездескеннен кейін баспасөз-мәслихатында хабарлады.

- Біз ғаламдық азық-түлік дағдарысына байланысты БҰҰ-ның күрес шараларын, міндеттерін белгіледік, мен халықаралық арнайы агенттіктердің жетекшілерімен және Халықаралық қаржы қоры мен Әлемдік банк басшыларымен бірге оны атқарудың тиімді механизмдерін қарастыратын боламын, - деді Бас хатшы.

Ғаламдық азық-түлік дағдарысына тойтарыс беру үшін алдыңғы кезекте қолға алынатыны - азық-түлік бағдарламасына арнап 775 миллион доллар бөлу көзделген. Тағы да 1,7 миллиард доллар кедей елдердегі фермерлерге қолдау көрсетуге бөлінеді.

AzattyqTV

Қырғызстан

Әзиздің арманы

XS
SM
MD
LG