Accessibility links

НАТО әскері Ауғанстанда тағы 1 жауынгерінен айрылды


КАБУЛ: Кеше Ауғанстанда жеке-жеке болған жарылыстардан НАТО-ның 1 жауынгері мен жергілікті 8 тұрғын мерт болды. НАТО-ның хабарлауынша, өз жауынгері патруль қызметін атқарып жүрген кезінде жол бойындағы бомбаның жарылысынан көз жұмды. Ауған полициясы мәлімдегендей, Пәкістан шекарасына жақын Кандагар облысындағы Спин-Болдак қаласының маңындағы жолда 8 ауған тұрғыны, оның ішінде 3 бала құрбан болды. Олардың отырып келе жатқан автокөлігі минаға тап болған.
XS
SM
MD
LG