Accessibility links

Түркменстанда 900 тұтқынға рақымшылық жасалды


Түркменстан президенті Гурбангұлы Бердымұхаммедов өз жарлығымен 900 тұтқынға рақымшылық жасады. Бұл шара 1945 жылы Совет Одағының нацистік Германияны жеңіп шығуының атап өтілуіне байланысты іске асырылып отыр. Мемлекеттік “Бейтарап Түркменстан” газетінің хабарлауынша, әлгі азаматтардың көбісі соңғы екі жылда түрмеге жабылған. Бердымұхыммедов билікке келгелі бері қамаудағы адамдарға осымен төртінші рет рақымшылық жасалды.
XS
SM
MD
LG