Бүгін Еуропалық комиссия Словакияның 2009 жылдың қаңтарынан бастап, еуро валюта кеңістігіне кіруіне жол ашты. Комиссияның бұл мақұлдауы Еуропалық Орталық Банк Словакия ортақ еуро валютасына өту үшін барлық қажетті талаптарға жауап берді деген соң жасалып отыр. Сөйтіп, Словакия еуро валютасын қолданатын 16-шы ел болады. 1993 жылы бұрынғы коммунистік билік құрамынан шыққан Словакия 2004 жылдың мамыр айында Еуропа Одағына қосылған.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Орталық Азия мафиясы
Равшан Золотой, Дикий Арман және өзбек қылмыс әлеміндегі дау
-
Шығыс Қазақстан облысы
"Оқушы жалдап, жүгеріні қолмен тердік". Зайсан шаруалары комбайнға зәру
AzattyqTV