Тропикалық дауылдан алты күн өткен соң, баспанасыз, электр жарығынсыз және басқа да қажетті жайттарсыз қалған мьянмарлық тұрғындарға БҰҰ-ның қайырымдылық көмегінің алғашқы бөлігі жетті. Алайда Мьянмардың оқшауланған хунта билігі АҚШ-тың ізгілік көмегінен бас тартуда. Ел билігі 3 мамыр күні соғып өткен тропикалық циклон салдарынан 23 мың адам құрбан болса, 42 мыңдай тұрғын хабар-ошарсыз жоғалып кетті деп хабарлаған еді. Ал халықаралық ресмилер болса қаза тапқандар саны 100 мыңнан асады деген деректер айтқан болатын.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Тақ мұрагерлерінің" құпия өмірі
"Олар әкесін жақсы көреді". Путиннің ұлдары жайлы не белгілі?