«Каспий құбыр желісі консорциумының» өткізу мүмкіншілігін арттыру жоспары бойынша 2012 жылға дейін 2 саты жүргізіледі. Нәтижесінде құбырдың өткізу мүмкіншілігі қазіргі 32 миллион тоннадан болашақтағы 67 миллион тоннаға дейін кеңейтіледі. Бірақ, құбырдың өткізу қабілетін кеңейтіп қуатын арттыру үшін мұнай құятын жаңа 10 станса, 100 мың текшеметр мұнай сиятын 6 резервуар және кемелер тоқтайтын терминал, салу керек. Оның сыртында, құбырдың кейбір бөліктерін ауыстыру қажет деп хабарланады.
Бірақ, кейбір жергілікті сарапшылардың айтуынша, Қазақстаннан табылатын мұнай көлемі қазіргідей ұлғая беретін болса «КТК» Қазақстанға жеткіліксіз болады, сондықтан өзге бағыттарда көңіл бөлу керек. 2008 жылы Украина президенті Виктор Ющенко Астанаға келген кезде Украина, Польша арқылы Еуропаға шығатын «Одесса – Броды» мұнай құбыры ең қысқа жол деген.
«Қазір бірде бір жоба осындай қысқа жолмен Каспий мұнайын Еуропа тұтынушыларына жеткізуді ескермейді», - деген Украина президенті.
Бұл пікірмен жергілікті сарапшыларда келісіп отыр. Ресейліктерге бәсекелес «Одесса-Броды» украин құбыры Қазақстан үшін тиімді, дейді Қазақстандағы ғылыми-инженерлік «Мұнай» орталығының бас директоры Надир Надиров.
Алайда, Польша президенті Астанаға келген кезде Қазақстан президенті Назарбаев бұл құбыр Қазақстанға тиімсіз деген болатын. «Қазақстан мұнайын Еуропаға «Одесса-Броды-Гданьск» құбырымен жеткізгені үшін әр тоннадан 58 доллар талап етіледі, бұл қазіргі бағыттардағы транзит төлемдерінен 24 доллар артық», деді Назарбаев.
Оның үстіне президент Назарбаевтың айтуынша, қазақстандық компаниялар Польшадан мұнай өңдеу кешендерін сатып алуға мүдделі.
«Бұл қазақстандық компанияларды мұнайды өңдеп, Еуропада сатуға тартады», деді ол. Бірақ, Польша президенті инвестицияны басқа салаға салуды сұрады. Президент Назарбаевтың айтуынша осыны ескере отырып қазақстандық мұнайды Ресей құбыры арқылы тасымалдаған тиімді. «Бұл жерде саясат жоқ тек экономика», деді ол.
Ал, саясаттанушы Берік Әбдіғалиевтің пайымдауынша, бұл жерде саясат басымырақ. «Ресей орасан қаражат беретін саланы оңайшылықпен біреуге бере салуы екіталай», дейді ол. Оның үстіне Ресей территориясында қазақстандық мұнайды өңдейтін мұнайөңдеу зауыттары шекарада дайын тұр.
«Қазмұнайгаз» сауда үйінің жазбаша берген мәліметіне сүйенсек, Қазақстан үкіметі транзиттік төлемдері ең арзан бағыт іздейді. Әзірге, Каспий мұнайының едәуір бөлігі «Теңіз-Новороссийск» бағытындағы құбырлармен тасымалданып жүргені рас.
Бірақ, жергілікті энергетика министрлігі Қазақстан Транскаспий бағытымен «Баку-Тбилиси-Жейхан» жүйесі арқылы елде өндірілетін мұнайдың тең жартысын Батыс елдеріне тасымалдайтындығын хабарлады. Және министр Мыңбаевтың мәліметінше бұл бағытта Қазақстанмен Әзірбайжаннан басқа елдер тікелей инвестор болып қосыла алмайды.
«Транскаспий тасымалдау жүйесі» бастапқы кезде жылына 23 миллион тонна мұнайды тасымалдауға мүмкіншілік берсе, кейін бұл көрсеткіш 56 миллион тоннаға дейін өседі деп хабарлайды энергетика министрлігі. Бірақ, мұндада құбырдың өткізу мүмкіншілігін арттыру үшін Каспий жағалауындағы Құрық елді мекенінде мұнайқұятын терминал салу керек.
Және мұнайды жүйеге жеткізу үшін ірі 7 танкер салу қажет болады. Бұл бағыттың сыртында «Қазмұнайгаз» компаниясының мәліметі бойынша, Қазақстан үшін, Қытайда ең тиімді нарықтардың бірі. Сондықтан «Атасу-Алашаңқай» құбырына да көп үміт артылып отыр.
Ресми мәлімет бойынша қазір Қазақстан жылына 70 миллион тонна мұнай өндіреді. Оның 60 миллион тоннасы экспортқа кетеді.