Accessibility links

Американың бірқатар штатына кісі өліміне себеп болған құйын жел соқты


ВАШИНГТОН: Өткен сенбі күні Американың Оклахома штатындағы көмір кеншілерінің Пичер қаласын құйыны бар дауыл жайпап өтіп, кем дегенде 7 адам қаза тапты. Одан кейін құйын Миссури штатының оңтүстік-батысын басып өтіп, тағы аз дегенде 12 кісі құрбан болды. Ал кеше дүлей дауыл Джорджия штатына соғып, 1 адам қаза болды, тағы 3 кісі хабар-ошарсыз жоғалды. Құтқарушылар әзірше жапа шеккен аудандардың барлығына жеткен жоқ – тасжолдарды құлаған ағаштар мен электр бағаналары бөгеп жатыр. Бір ғана Атланта қаласының төңірегіндегі ауданда 80 мың үй электр жарығынсыз қалды.
XS
SM
MD
LG