Мұхтар Құл-Мұхаммед бұған дейін 2001 жылдың мамыр айынан 2003 жылдың қыркүйек айына дейін, сол кездегі атауы бойынша Қазақстанның мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі болып қызмет істеген болатын. Ал Қызылорда облысына әкім болып келер алдында, яғни 2006 жылдың қаңтар айынан 2007 жылдың қаңтар айына дейін президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары әрі президенттің баспасөз хатшысы болып жұмыс істеді.
Биылғы ақпанның 28-і күні Қызылорда облысының Жалғызағаш ауылы маңында апатқа ұшыраған тікұшақта облыс әкімі М.Құл-Мұхаммед те болған еді. Сол апат салдарынан жарақат алған ол біраз уақыт ауруханада жатып шықты.
Қазақстанның Журналистер Одағының төрағасы Сейітқазы Матаев М.Құл-Мұхаммедтің қайтадан мәдениет ақпарат саласын басқаратын министр болып тағайындалуын қуанышты хабар дейді. Ол бұрынғы министр Ермұқамет Ертісбаевтай емес, Қазақстанның мәдениет және ақпарат саласын бұрын басқарған және қазақ тілі мен мәдениетін де жақсы біледі, сондықтан бұл кісімен жұмыс істеу оңай, ал бірқатар журналистік қоғамдық ұйымдар ұсынып отырған БАҚ туралы заңның бағы енді ашылар деген үмітіміз бар, дейді ол.
Ал Е.Ертісбаевқа келер болсақ оның мәдениет және ақпарат саласын осы жылдары дұрыс басқара алмай отырғанын көп сынға алдық, сондықтан осыдан бір жыл бұрын отставкаға кетуді талап еткеміз, бәлкім біздің сол айқаймыз президенттің құлағына енді ғана шалынған болуы керек, дейді С.Матаев.
А.Сәрсенбайұлы атындағы қордың басшысы Айдос Сарым бұл жолғы кадрлық ауыс-түйіс туралы екі түрлі болжам пікір айтуға болады дейді. Біріншіден, М.Құл-Мұхаммед Қызылорда секілді әлеуметтік және экологиялық проблемасы көп облыста басшылық жұмыс істеген аз уақытта біраз шаршағанға ұқсайды, оған қоса оның тікұшақ салдарынан денсаулығы біраз зақымданды. Сондықтан өзі де сұранған шығар, ал осы жағдайларды президент ескерген сыңайлы. Екіншіден, бұрынғы министр Ермұқамет Ертісбаев халықаралық қауымдастық алдында болсын, тіпті Қазақстан журналистері алдында болсын, беделінен айырылған басшы болып қалды. Осы жағдайды есітіп, көріп отырған президент оны қызметінен алу қадамына бармасқа басқа амалы қалмады, дейді А.Сарым.
Қоғам қайраткері Балташ Тұрсынбаев бұл жолғы кадрлық ауыс-түйіс Ақорда кухнясында кесіліп-пішілген кезекті бір саяси ойын іспеттес, одан үлкен бір саясат іздеудің қажеті шамалы, президент өзінің айналасындағы өзіне ең жақын сенімді адамдарын осылай ауыстырып, бірінің орнына бірін қойып ойнатып отыр деп түсіну керек дейді. Е.Ертісбаев - президенттің сеніміне кірген адамдардың бірі, сондықтан ол жерде қалмайды, ертең-ақ президент кеңесшісі болып бұрынғы қызметіне қайта баратын шығар. Ал Мұхтар Құл-Мұхаммед бұрын осы министр болып істеді, енді оны қайта алып келді, не өзгерді, не өзгермекші - бәрі сол қалпында қала береді, дейді Б.Тұрсынбаев.