БРЮССЕЛЬ: Кеше НАТО одағы Ауғанстанның шығысында тәліптердің шабуылдары күрт арта түскенін мәлімдеді. НАТО-ның ресми өкілі Джеймс Аппатурэй атап көрсеткендей, әскери альянс шабуылдардың жиілеп кетуін “Пәкістан үкіметі мен шекаралық аудандарды паналаған содырлардың өзара келісуінің нәтижесі” деп есептейді. Оның хабарлауынша, НАТО-ның шығыстағы аймақтық басшылығы өткен сәуір айында Ауғанстанның шығысындағы тосын шабуылдардың 2007-нші жылдың дәл сондай кезеңімен салыстырғанда 50 пайызға дерлік арта түскенін айтады. Аппатурэй Пәкістан үкіметімен келіссөз жүргізу үшін таяуда НАТО-ның Бас хатшысы Яап де Хооп Схеффердің Исламабадқа баратынын мәлімдеді.