Бұл жөніндегі мәлімдеме Оңтүстік-шығыс Азия елдері қауымдастығының кездесуінде жасалды. Сингапурls4 Сыртқы істер министрі Жорж Йеоның айтуынша, Миянма осы қауымдастыққа мүше елдердің барлығынан да медициналық жасақтардың елге енуіне рұқсат беріп отыр. Сондай-ақ, аталған қауымдастық елдерінің басқа да халықаралық көмектерді жүйелеп, Миянмаға әкелуіне келісімін берді. Осыдан екі апта бұрын елге соққан дауыл кесірінен зардап шеккен екі жарым миллионнан аса адамға көрсетілмекші әлемдік көмектерге ел үкіметі рұқсат бермей келген болатын.
Циклоннан зардап шеккендерге шетелдік жұмыскерлердің көмек көрсетуіне Мянма үкіметі рұқсат берді
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық радиосы – 70 жыл
Оспан батырды тергеген Жағда Бабалықұлының сұхбаты және Хасен Оралтай