Бүгін Мысырда сапарда жүрген АҚШ президенті Джордж Буш Таяу Шығыс жетекшілерін Хамасқа қарсы тұрып, Иран мен Сирияның терроризмді қолдауын тоқтатуға шақырады. Оның баяндамасында көтерілетін мәселелер қатарында, сондай-ақ Джордж Буш араб елдеріндегі мұнай өндірушілерді өз экономияларын жан-жақтыландыруға үндеп, мұнай қорлары шектеулі екенін айтпақшы. Ол сонымен қатар, экономикалық әрі саяси еркінділік келешек бейбіт өмір мен тұрақтылыққа негіз болатын ең тиімді жол демекші. Буш бұл сөздерін Шарм әл Шейхта өтетін Таяу Шығыстағы Әлемдік Экономикалық Форумда айтпақшы.