Қазақстан премьері Кәрім Мәсімов өмір сүру қымбаттап бара жатқанын айтады.
«Сондықтан ел президенті Назарбаевтың тапсырмасымен зейнеткерлер, шәкірттер және басқада әлеуметтік топтарға көмектесеміз», деді ол.
Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша бірінші шілдеден бастап мүгедектердің жәрдемақысы 700-ден 2 мың теңгеге дейін көтеріледі, базалық зейнетақы 4210 теңгеден 6000 теңгеге артады.
«Және зейнеткерлерге жарты жылға 600 теңгеден бір мәртелік үстемақы төленеді. Ал, оқу жылы басталған кезде бірінші қыркүйектен бастап шәкіртақы 7500 теңгеге дейін өседі, бірақ, бюджет тапшылығы шамамен 123 миллиард теңгеге немесе бір миллиард долларға өсейін деп отыр», деді министр Сұлтанов.
Ресми мәлімет бойынша қазір елдегі ең төмеңгі өмір сүру деңгейінің көрсеткіші 12 мың 25 теңге. Ал, Астана тұрғындарының әсіресе 600 теңгеге артық алатын зейнеткерлердің бұл мәселеге қатысты өз көзқарастары бар.
Министр Сұлтановтың мәліметінше бұл шараларға қажет қаржы маңыздылығы төмен салаларға ескерілген ақшадан алынады.
«Қорғаныс министрлігіне әскери техника алуға бөлінген қаржыдан, азғантай бөлігі ауыз су бағдарламасынан, ауылшаруашылық саласындағы игерілмей қалуы мүмкін деген ақшадан алынады», - деді ол.
Барлығы 34 миллиард теңгеге жуық қаржы кесіледі. Және игерілмей қалған ақшаны қосқандағы 21 миллиард теңге көлеміндегі бюджет қаржысынан алынады деп хабарланды. Оның сыртында, ішкі базарда компаниялардың құнды қағаздары сатылады. Бірақ, білім беру нысандарын аяқтау, тұрғын үй саласы, агрокешенді қолдау, жылыту мерзіміне дайындық сияқты негізгі бағыттардың қаржыландырылуы үзілмейді, дейді министр.
Биыл 7 сәуірде қаржы министрі Болат Жәмішев әлеуметтік инвестциялық салаға қажет 84 миллиард теңге бөлінбейді деген. Бірақ, бір топ парламент депутаттары бұған қарсылық білдірді. Енді экономика министрі Сұлтановтың айтуынша әлеуметтік нысандардың құрылысына қажет бұл қаржы толығымен қысқартылмайтын болды.
Жалпы, экономика министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша биыл мұнай бағасының көтерілуіне орай экспорттан түскен табыс өсіп келеді. Бірақ, несиеге байланысты экономика секторындағы салалардағы тауар импорты төмендейді деп жорамалданып отыр. Бірақ, бұл мұнай компанияларына салынған кеден баж салығынан өтеледі, дейді министр Сұлтанов. Дегенмен елдің ішкі жалпы өнімінің өсуі алдында жоспаланған саннан 5,3 пайызға дейін кемиді. Премьер Кәрім Мәсімовтың тапсырмасымен 2008 жылдың республикалық бюджетіне енгізілген осы нақтылаулар парламентке бүгін берілу керек.