Accessibility links

Халықаралық ұйымдар Мьянмандағы табиғи апатының құрбандарына көмек береді


ЯНГОН: Мьянманың әскери хунтасы халықаралық қайырымдылық ұйымдарының барлық қызметкерін елге жіберуге келісті. Ол туралы бүгін БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун хабарлады. Бүгін бас хатшы осы елді билеп отырған әскери хунтаның көсемі генерал Тхан Швеге жолықты. Мьянманың үкіметі осыдан 3 апта бұрын апатқа соқтырған тропикалық дауылдың құрбандарына қайырымдылық ұйымдарының көмек беруіне рұқсат бермей келді. Табиғи апаттан 130 мыңнан астам халық не қырылды, не хабарсыз кетті, тағы шамамен 2.5 млн. халық көмекке мұқтаж болып отыр.
XS
SM
MD
LG