Қазақстандық режиссер Сергей Дворцевойдың “Қызғалдақ” атаулы киносы Канн фестивалінде жастар киносы бағдарламасында жүлдеге ие болды. “Қызғалдақ” фильмі қайтсе де үйленгісі келетін жас шопанның хикаясын баяндайды. Бірақ шалғайда жатқан ауылда қалыңдыққа жарайтын жалғыз қыз «сенің құлағың тым үлкен» деп, оған тимей қояды екен. Міне, кино желісі осындай. Ал енді Канн фестивалінің бас жүлдесін Франция режиссерінің “Класс” деп аталатын фильмі жеңіп алды.