Accessibility links

Келешекте Еуроодақ ТМД-ның кейбір республикасын өз қатарына алуы мүмкін


БРЮССЕЛЬ: Бүгін Брюссельде Польша мен Швеция бұрынғы совет республикаларының кейбірі мен Еуроодақтың арасында бұрынғыдан жақын қарым-қатынас орнатуды ұсынды. “Шығыс әріптестігі” бағдарламасына Украина мен Молдова, Грузия мен Әзірбайжан және Армения шақырылып, олар үшін виза алуды жеңілдетіп, еркін сауда тәртібі орнатылуы мүмкін. Еуроодақтың сыртқы істер министрлері ол елдердің Одаққа мүше болуы мәселесін көтерген жоқ. Бірақ поляк министрі: “...түпкілікті мақсат – аталған елдердің келешекте Еуроодаққа кіруіне көмектесу” деп мәлімеді.
XS
SM
MD
LG