Accessibility links

Джимми Картер Израильде кемінде 150 атом бомбасы бар дейді


Америка Құрама Штаттарының бұрынғы президенті Джимми Картер Израильдің қолында кемінде 150 атом бомбасы бар деп мәлімдеді. Джимми Картер бұл сөзін Лондонда демалыс күндері журналистермен кездескенде айтты. Джимми Картер ядролық қаруға ұмтылу үрдісі әлем бойынша орын алып отыр деді. Израильде атом қаруы бар деп баяғыдан айтылып келеді, алайда Израиль үкіметі мұны бірде бір рет не мойындамады, не жоққа шығармады.
XS
SM
MD
LG