Accessibility links

Қазақстан Ганьсу провинциясына гуманитарлық көмек жөнелтті


Қазақстан Қытайдың аса қуатты зілзаладан зардап шеккен Ганьсу провинциясына кеше 110 тонна гуманитарлық көмек жіберді. Негізінен жылы көрпелер, қалың төсеніштер мен дәрі-дәрмек жөнелтілді. Таяу күндері Қазақстаннан Қытайға тағы 10 автокөлік гуманитарлық көмек барады деп хабарлайды «Қазақпарат» ресми агенттігі. Ал Қытайдың Сичуань провинциясында кеше тағы да жер сілкінді, 420 мың үй құлады. Сичуаньда 12 мамырда болған аса үлкен жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 67 мыңға жетті, 20 мыңнан астам адам хабар-ошарсыз кетті.
XS
SM
MD
LG