Accessibility links

БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі грузин ұшағының атып түсірілуін талдайды


НЬЮ-ЙОРК: Ресейдің БҰҰ-ндағы елшісі В.Чуркин хабарлағандай, БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі бүгінгі жабық мәжілісінде Грузияның барлаушы ұшағын Абхазияның әуесінде атып түсірген оқиғаны тергеген арнаулы комиссияның баяндамасын талдайды. Баяндамада Ресейдің жойғыш соғыс ұшағы 20-сыншы мамыр күні Абхазияның әуесінде Грузияның адамсыз ұшағын атып түсіргені айтылады. Оны Кремль үзілді-кесілді мойындамады. Жабық мәжіліс өткізуді өзінің әлгі ұшағын құлатқаны үшін Ресейден түсініктеме беріп, шығынын өтеуді сұраған Грузия талап етті. Абхазия жағы мәжіліске қатыспайды.
XS
SM
MD
LG