НЬЮ-ЙОРК: Адамның құқын қорғайтын халықаралық “Human Rights Watch” ұйымы Қытай үкіметін Бежиндегі Тяньанмынь алаңындағы толқудан бері түрмеде отырған 130-дай тұтқынды босатуға шақырады. Адамның құқын қорғаушылар баса атап көрсеткендей, Қытай үкіметі Бежиндегі Жазғы Олимпиада ойындарының қарсаңында елдегі адам құқының ахуалын жетілдіреміз деген міндеттеме алды. “Human Rights Watch” ұйымы бұл үндеуін Қытай студенттерінің Тяньанмынь алаңындағы наразылық ереуілін қантөгіспен қуып таратқан оқиғасының 19-жылдығы қарсаңында жариялады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Шыңжаңдағы қуғын-сүргін
"Туындыларым қар көшкендей әсер етсе деймін". Қазақстандық фотограф Ядыкар Ибраимовтың күресі