Accessibility links

Зейнеткер Жәмила Сайынқызы жас отбасыларына қатысты мемлекеттік саясат туралы


- Бала табу үшін үй-жай, тұрмыс жағдайы болуы керек. Мына жасөспірімдер 18 жасқа толғаннан кейін институтқа түсіп, оған төлейтін төлемақыға да біреудің қаражаты бар, біреудің қаражаты жоқ. Сол жастар шаңырақ көтерген кезде біздің мемлекетіміз жастардың жағдайын ойлап, үкімет тарапынан оларға қолдау-қамқорлық болса жөн. Мысалы, үйленген жастарға жеңілдікпен, бір бөлмелі болса да пәтер алуына жағдай туғызса екен деймін.

Міне, сонда ғана елдің демографиялық өсімін қамтамасыз ететіндей бала санын көбейтуге мүмкіндік болмақ. Ол халықтың өсіп-өркендеуінің, мемлекттің гүлденуіне негіз болады. Кей жағдайда жаңадан шаңырақ көтерген жас отбасында тұрмыстың ауырлығына байланысты реніш-жанжал туындап, оның ақырында екі жас ажырасып жатады, кейді тіпті қылмыстар да жасалады. Ал жас отбасының баспана секілді әлеуметтік мәселесі шешілсе, онда әлгіндей жағдайды түзеуге өзіндік септігі тиер еді.

Сондықтан жастарды ойлау керек біздің үкімет. Себебі, қазіргі уақытта ең қорғалмаған топ солар боп отыр - жағдайлары жоқ, қартайған әке-шешенің зейнетақысы олардың өз бастарына да жетпейді. Мысалы, біздегідей табиғи байлық - мұнайдың үстінде отырған ана араб елдерінде үкімет тарапынан ел азаматтарының әрқайсысына тиесілі ақша берілетінін естіп жүрміз. Ал енді бізде неге солай жасамасқа? Тым болмағанда, мұнайдан түсетін ақшаның тіпті 1 пайызын болсын, мына бүгінде көмек-жәрдемге шын мұқтаж болып отырғандарға беру керек қой?! Жарайды, біз зейнеткерміз, асарымызды асадық, жасарымызды жасадық дегендей. Ал ел болашағы жастарға сондай қамқорлық болуы керек, сонда біздің еліміз көркейер еді
XS
SM
MD
LG