Accessibility links

11-қыркүйек шабуылдарын ұйымдастырды деп айыпталушылар өздеріне өлім жазасын беруді сұрады


Терроризм күдіктілерін қамап отырған Гуантанамо түрмесіндегі АҚШ-тың әскери тыңдауларында, 11-ші қыркүйек шабуылдарына жауапты делінген екі адам өздеріне өлім жазасын беруді сұрады. Мұндай ұсынысты шабуылдарды басқарды деп күдіктеліп отырған Халид Шейх Мухаммед пен оның үзеңгілесі Рамзи Биналшиб алға тартып отыр. Ол екеуі де өздерінің бұрыннан шахид болып өлуді күтіп жүргендерін айтқан. Гуантанамо түрмесінде тұтқында отырған әл-Қаиданың шабуылды ұйымдастырушысы делінген бес адам терроризм қылмысы және адам өлтіргендері үшін жазалануы мүмкін.
XS
SM
MD
LG