Accessibility links

Азияда мұнай шикізаттың жетіспеуінен емес, өзге факторлардан қымбаттады


СИНГАПУР: Сауд Арабиясының мұнай өндірісін ұлғайтатынын мәлімдеуіне қарамастан, бүгін Азияда мұнай тағы да қымбаттап, тамыз айында қойылатын шикізаттың 1 баррелі 136 доллардан асты. Кеше Саудияның Джидда қаласында болып өткен кезекте тыс энергетика саммитінде Саудия патшасы Абдалла шикізатқа деген сұранысты қанағаттандыру үшін тәулігіне өндірілетін мұнайдың көлемін 9.7 млн. баррельге дейін жеткізетінін мәлімдеді. Алайда экономикалық сарапшылар мұнай бағасының өсуіне шикізаттың жетіспеуі емес, өзге факторлар әсер етіп жатыр деп мәлімдеді. Джидда қаласындағы Халықаралық мұнай саммитіне Саудия патшалығының арнайы шақыруымен қазақ делегациясы да қатысты. Ол туралы Қазақстанның сыртқы істер министрлігі хабарлады.
XS
SM
MD
LG