Accessibility links

Ауғанстандағы әскер санын Германия бір мыңға көбейтпекші

Германия Қорғаныс министрі Франз Йозеф Юнгның бүгін айтуынша, Ауғанстандағы әскер санын ресми Берлин 4500-ге жеткізбекші. Германияның әскери жасақтарын оңтүстік Ауғанстанға жөнелтуіне НАТО шақырып келген болатын. Германияның негізгі жасақтары салыстырмалы түрдегі тыныш аймақта, яғни Ауғанстанның солтүстігінде тұр. Бұл шараны әлі Германия парламенті мақұлдауы тиіс.
XS
SM
MD
LG