«Жас Қазақ» газетінде Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетовтың үлескерлермен жүздескені айтылыпты. «Сергейдің сауатсыз сценарий» деп аталатын мақалада, не баспанасына, не ақшасына қол жеткізе алмай жүрген үлескерлердің ішінде тек «сұрыптап», «сорттап» алынған адамдардың ғана әкіммен кездескені жазылыпты.Мақала авторы Төлен Тілеубайдың айтуынша, бұл «сорттау» жұдырықтай жұмылған үлескерлердің ортасына жік салыпты. Сондай-ақ әкімдік алдына 300-ден астам адамның жиналып, алайда күзетшілердің мәжіліс залына шолақ тізімдегі үлесшілерді ғана жібергені сөз болыпты. Үлескерлерді тағы бір ашындырған жәйт – осыған дейін құрылыс компанияларына алданған жұртқа қамқоршы болып жүрген Астана қалалық үлесшілер ассоциациясының жетекшісі Ольга Пугачеваның әкімнің көзінше «6 шілдеде шеруге шықпаймыз» деген күтпеген мәлімдеме жасағаны баяндалыпты.
«Тағы бір кен орыны табылды» деген қысқа мақалада, Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданының Рожков ауылының тұсынан мұнай табылғаны жөнінде БАҚ өкілдеріне облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтың хабарлағаны баяндалыпты. Мамандардың болжамына қарағанда, жаңа кен орнының шикізат қоры өте бай, оның сапасы Чинарев кеніндегі шикізаттан бір кем түспейді деп жазылыпты. Сонымен қатар, мұндағы мұнай мен газдың аса қуатты ағыны 14 маусым күні төрт мың метр тереңдіктен атқылап шыққаны хабарланыпты.
Сондай-ақ «Ресейлік сайттар қазақшалануда» деп аталатын материалда, Қазақстандағы интернет жобаларға қазіргі кезде инвестиция құю мәселесі баяу жүріп жатқандықтан, ресейлік интернет компаниялар қазақ интернетін жаулай бастады деп айтылыпты. Ресейлік танымал әлеуметтік желілерінің бірі «Odnoklassniki.ru» сайтының келесі жылдан бастап қазақ тіліндегі нұсқасы шығатындығы жазылыпты.
«Деловая газета» апталығында жарияланған Бекжан Ыдырысовтың мақаласы «Жылжымайтын нарық бағамы құлдырай ма?» деп аталады. Қазақстанның үлкен қалаларындағы пәтер бағасының күрт түсіп кеткендігіне тоқталған журналист; бұл көріністің уақытша ғана құбылыс екендігі туралы болжам жасапты. Автор өз мақаласында мұндай ахуалдың Қазақстандағы банктер үшін тиімсіз екендігін тілге тиек етіп, олардың жылжымайтын мүлік бағамының қатты құлдырамауы үшін түрлі іс-әрекет жасайтындығы туралы сараптама жасапты.
«Караван» апталығындағы Жанар Қанафинаның мақаласы да жылжымайтын мүлік тақырыбына арналыпты. Онда автор газетке жарнама беріп, дәл қазіргі уақытта жылжымайтын мүлікті сатудың да, сатып алудың да қиын екендігін іс жүзінде тексеріп көргендігін жазыпты. Автордың айтуынша, пәтер бағасының тым қатты құлдырап кеткендігі туралы әңгімелердің көбісі шындыққа жанаспайды. Мысалы, Алматы қаласында 12 мың долларға бір бөлмелі пәтер сатып алуға болатындығы туралы жалған ақпараттар тараған.
«Central Asia Monitor» және «Республика» басылымдарында 6 шілде күні аталып өтетін Астана күні мерекесіне байланысты мақалалар жарияланыпты.
«Central Asia Monitor» апталығының бірінші бетінде жарық көрген көлемді мақалада осы мерекеге байланысты қандай шаралардың жасалып жатқандығы айтылса, басылымның екінші бетіндегі редакциялық мақалада бұл шараға басқа аймақтардың да ат салысып жатқандығы хабарланыпты. Таяуда ғана Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовке айтулы мерекеге орай Шығыс Қазақстан облысының әкімі Әділғазы Бергенов 20 «Daewoo BS090» маркілі су жаңа автобусын сыйға тартыпты.
Бұл мерекеге сын көзбен қараған «Республика» басылымында жарық көрген Мұхамеджан Әділовтың мақаласында Астана күнінің президенттің туған күнімен сәйкес келгендігінің кездейсоқ құбылыс емес екендігі айтылыпты. Қазіргі уақытта президентті асыра мадақтаудың тым күшейіп кеткендігіне тоқталған мақала авторы, биліктегілердің Нұрсұлтан Назарбаевты жаңа Қазақстанның әкесіне балап, оның есімін Кемал Ататүрікпен салыстырып жатқандығын атап өтіпті. Мақала авторының айтуынша, Назарбаев билік басынан кеткеннен кейін ол туралы басқа тарих жазылатын болады.
«Айқын» газетінің жұма күнгі санында, журналист Ержан Қалымбайұлының «Елбасы Жан-Клодпен жүздесті» деп аталатын мақаласында, кеше Астанаға алғаш рет аяқ басқан Люксембург Ұлы Герцогтігінің премьер-министрі Жан-Клод Юнкердің президент Назарбаевпен оңаша және кеңейтілген құрамда кездесу өткізгені айтылыпты. Әлемдік және өңірлік проблемалар талқыға түсіп, екі елдің байланысын тереңдету мәселесі қозғалған кең құрамда дидарласуда Нұрсұлтан Назарбаев Жан-Клод Юнкердің келуін жақсы нышанға балайтындығын айрықша атады деп жазыпты.
Сонымен қатар, кеше Алматы қаласының «Жетісу» кеден бекетінің қызметкерлері «Алматы – Үрімжі» бағытындағы ұшаққа 204 мың АҚШ долларын контрабандалық жолмен алып өтпекші болған Қытай азаматын қолға түсіргенін хабарлапты. Сөйтіп, ҚР Қылмыстық кодексінің 209-бабы бойынша шетелдік азаматтың үстінен іс қозғалғаны жазылыпты. Алматы әуежайына орналасқан «Жетісу» кеден бекетінің қызметкерлері осыдан бірер күн бұрын сонау Украинадан кәдуілгі қуаты күшті «Максим» зеңбірегін ұшақпен жасырып алып келген қазақстандық С. есімді азаматты қолға түсіргенін баяндапты. Тергеу барысында әлгі азаматтың салмағы 70 келілік «Максим» зеңбірегін «сыйлық» ретінде рәсімдеткені анықталған деп айтылыпты.
«Егемен Қазақстан» газетінің 27 маусым күнгі санында, «Биылғы сессияның соңғы отырысы өтті» деп аталатын мақалада, сәрсенбі күні парламент мәжілісінің төрағасы Аслан Мусиннің төрағалығымен өткен палатаның пленарлық отырысында күн тәртібінде 18 мәселе қаралса, соның соңғы екеуіне депутаттардың қызығушылығы басым болғаны жазылыпты. Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев депутаттарға ҚР кейбір заңнамалық актілерге балық шаруашылығы мәселелері бойынша және ҚР кейбір заңнамалық актілерге ветеринария мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізуге байланысты баяндама жасағаны жазылыпты. Бұл заң жобалары бекіре тұқымдас балық түрлерін сатып алуға, олардың уылдырығын өңдеу мен өткізуге мемлекеттік монополия енгізуді көздейді деп айтылыпты.