Иран Революциялық гвардиясының командирі, генерал Мохаммед Әли Жафари консервативтік Жам-и-Жам газетіне берген сұхбатында Техран кез келген шабуыл жасау әрекетіне күшпен жауап береді деп мәлімдеген. Сонымен қатар Ормуз бұғазына бақылауды өз қолына алып, ол арқылы өтетін сауда-саттық жүгінің тасымалына шектеу қоямыз деп ескертті. Ормуз бұғазынан күніне 13 миллион баррель шикі мұнай тасымалданады.