МӘСКЕУ: Шілденің 3-і мен 7-сі аралығында Ресей президенті Д.Медведев Каспий жағалауындағы елдерде сапарда болады. Д.Медведев ең алдымен Бакуге аялдап, Әзірбайжан президенті И.Әлиевпен бірнеше өзекті мәселені талқылайды. 4-інші шілде күні кешкісін бірінші ресми сапарымен Ашхабадқа ұшып келіп, түркімен президенті Гурбангулы Бердімұхаммедовпен Каспий жағалауымен газ құбырын тарту және Ресейге сатылатын түркімен газының бағасы мәселелерін талдауға тиіс. Ал 6-шы шілде күні Ресей президенті Астанаға жетіп, Қазақстан астанасының 10-жылдығы мен президент Н.Назарбаевтың туған күні сынды 2 салтанатқа қатысады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Аида Балаева және аккредитация
Министрлікті сотқа берген журналистердің уәжі қандай?