Accessibility links

Монғолиядағы толқуларда 5 адам қаза тапты


Монғолия Әділет министрлігінің хабарлауынша, парламенттік сайлаудан кейін орын толқуларда 5 адам қаза тауып, 300-ден аса адам жараланған. Шамамен 700 адам тұтқындалған. Сейсенбі күні мыңдаған наразылық танытушылар биліктегі партияның штаб-пәтеріне өрт қойған соң, елде 4 күндік төтенше жағдай жарияланды. Сайлаудың бастапқы нәтижелеріне қарағанда, бұрынғы Коммунистік партия жеңіске жеткен. Президент Намбарын Енхбаяр сайлауда бұрмалаушылықтың болғанын мойындап, халықты тыныштыққа шақырды.
XS
SM
MD
LG