Accessibility links

Қазақстанға шетелден қоныс аударып келген Тұрсынхан есімді жігіттің пікірі


- Мен Қазақстанға оралман ретінде келдім. Маған бұл жақтағы негізгі қиындық – көбінесе орыс тілінде сөйлеп-жазу екендігі. Мектепте, өзге де оқу ошақтарында сабақ бағдарламалары орыс тілінде екен, көбінесе біз үлгере алмаймыз, бізге кітап та жетіспейді.

Содан кейін, ұстаздар болсын, балалар болсын, университетте болсын, бізді бұл жақта «оралман» деп бөледі. Орыс тілін түсінбейтінімізді мін көреді. Ал біз оқу бағдарламасында қазақ тілінде әдебиеттер көбірек болса екен дейміз.

Және, бұл жерде ең үлкен бір мәселе, ол - қазақты бөлу. Мысалға, біздің өзімізді «оралман» деп бөлгені былай тұрсын, «қытай», «моңғол» деп атайтыны тағы бар. Бізге мемлекеттік мекемеден құжат алу немесе тапсыру да оңай шаруа емес. Мысалы, құжаттарымызға қатысты осындай проблемалардан соң бізге ұлттық бірыңғай тест сынақтарына қатысу қиын болды.

Жалпы, менің айтайын дегенім, біз қай елден, қай жерден келмейік, барлығымыз бір қазақ болғандықтан бізді анау деп, мынау деп екіге бөлудің қажеті жоқ, ағайын!
XS
SM
MD
LG