Accessibility links

Еуропа Одағы Сербияның батысшыл үкіметін қоштап, жаңа реформаларға шақырды


Еуропа Одағы Сербияда батысшыл үкіметтің жасақталғанын оң қабылдады. Сербия парламенті мамырдың 11-дегі сайлаудан кейін президент Борис Тадичтің Демократиялық партиясы мен Сербияның Социалистер партиясынан құралған жаңа батысшыл үкіметті мақұлдаған. Бүгін таратылған мәлімдемеде, Еуропа Одағының сыртқы саясат жөніндегі басшысы Хавьер Солана, енді жаңа үкімет елде реформа жасап, Белградты Еуро Одаққа жақындата түсетіндей қажетті жағдайларға жауап береді деп күтетінін айтты.
XS
SM
MD
LG