Accessibility links

Премьер Мәсімов комиссияны басқарады


Қазақстан үкіметі 2010 жылы елдің ЕҚЫҰ-на төрағалық етуіне байланысты тиісті шараларды ұйымдастыру үшін комиссия құрмақшы. Оппозициялық партия өкілдері премьер-министрдің өзі басқаратын комиссия құрамына кіре алатындықтарына күмән келтіріп отыр.

Премьер Мәсімовтың айтуынша, 2010 жыл өте маңызды жыл болмақ.

«Себебі, осы жылы Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалық етуіне байланысты аталған ұйымның Астанада өтетін отырысына 55 елдің сыртқы істер министерлері қатыспақ, сонымен қатар 55 елдің мемлекет және үкімет басшыларының деңгейінде отырыс өткізілуі мүмкін. Сондықтан, президент Назарбаевтың тапсырмасымен, 2010 жылғы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуге дайындық жұмыстарына қатысты комиссия құрылады», - деді үкімет басшысы.

Маусымның 29 күні Астанада Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Парламенттік ассамблеясының 17 сессиясында Қазақстан президенті Назарбаев «елде кем дегенде екі партиялық парламент құратын механизм жасауды және БАҚ жұмысын реттейтін артық кедергілерді жою» жөнінде айтқан тұғын.

Алайда, оппозициялық саясаткерлер парламенттен өздеріне орын бұйырмайды дегенді айтып отыр.

Зәуреш Батталова, «Парламентаризм қоры» үкіметтік емес ұйымның төрайымы:

«Бұл комиссияға тек билікке жақын партиялар шақырылады».

- Президенттің сөзінен кейін билік қызметкерлері тек екі партиялық парламент жасау бұйрығын орындайды. Сондықтан, билікке жақын бір партияны алып ЕҚЫҰ-на перде жасайды, - дейді Қазақстанның коммунистік партиясының Астанадағы өкілі Тоты Елубаева.

Оппозициялық «Азат» партиясының Астана филиалының басшысы Сүлеймен Бейсенбаевтың айтуынша, билік өзге партиялармен ымыраға келгісі келеді.

«Патриоттар партиясының» Астанадағы өкілі Болат Бейсенбаев, дүйсенбі күні «Азаттық» радиосын, өздерінің комиссияға шақырылмағандығынан хабардар етті.

Ал, ел президенті жетекшілік ететін «Нұр Отан» партиясының Астанадағы аппарат басшылығына хабарласқанымызбен олардан жауап ала алмадық. Қазақстандағы оппозициялық партия өкілдері болса, сайлаудың алдында заңдарға түзетулер енгізіліп партияларға саяси блок құруға тыйым салынуы мүмкін екендігін айтып отыр. Олар Сайлау туралы заң бабының өзгертіліп, сайлау додасынан өту мүмкіншілігін беретін пайыздық шектеудің қазіргі 7-пайыздан кемітілу керектігін қалайды.
XS
SM
MD
LG