Бұл видеотаспаны 2002 жылы лаңкестікке қатысы бар деген күдікпен Ауғанстанда ұсталған Канада азаматы Омар Кадрдың адвокаттары алғаш рет интернетке қойған. Күдіктіге АҚШ-тың Гуантанамодағы түрмесінде Канада тергеушілері тергеу амалдарын жүргізген, оған Ауғанстанда американдық жауынгерді өлтірді деген айып тағылуда. Интернеттегі видеотаспада Омар Кадрдың Ауғанстан түрмесіндегі азаптау мен қинау іздерін көрсетіп, жылап тұрған сәті бейнеленген.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
СПИД-пен күрес күні
"ВИЧ адамның мінез-құлқын сипаттамайды". Ауру – үкім емес