Accessibility links

Судья Караджичтің Гаагадағы трибуналға тапсырылуына бұйрық берді


Соғыс қылмыстары бойынша Сербия прокурорының мәлімдеуінше, судья Босниялық сербтердің бұрынғы басшысы Радован Караджичті Гаагадағы халықаралық трибуналға көшіруді бұйырған. Прокурор Владимир Вукчевич Караджичтің қашан тапсырылатындығы жөнінде ешнәрсе айтпады. Шамамен 13 жылдан бері қолға түспеген Караджич дүйсенбі күні кешке Белградта тұтқындалды. Сербия ресмилерінің айтуынша, ол жасанды құжатпен медициналық орталықта жұмыс істеген. Караджич 1992 жылы басталған Босния соғысында Босниялық сербтердің басшысы болған. Оған геноцид жасады деген айып тағылып отыр.
XS
SM
MD
LG