Accessibility links

Жоғары лауазымды АҚШ өкілі Грузияға келді


АҚШ мемлекеттік хатшысы көмекшісінің орынбасары Мэтью Брыза Абхазия мәселесін талқылау үшін Грузияға келді. Бүгін ол Грузиядағы Германия елшісімен бірге Сухумиге барып, жікшілдік Абхазия аймағының президенті Сергей Багапшпен кездесетіндерін айтты. Брыза Грузия мен сeпаратистік үкіметті алдағы аптада Германияда өтетін бейбіт келіссөздерге қатысуға көндіріп көрмекші. Берлиндегі келіссөздерге Ресей, АҚШ және Еуропа Одағының өкілдері де қатысады деп күтуліде. Өткен аптада Абхазия Тбилисимен арадағы дауды шешуге бағытталған Германия сыртқы істер министрінің бейбіт жоспарын қабылдамаған болатын.


XS
SM
MD
LG