Accessibility links

М.Саакашвили әскери күшті толық мобилизациялауға шақырды


Грузия президенті М.Саакашвили елден бөлінген Оңтүстік Осетиядағы жанжалға Ресей әскерінің кең ауқымда араласуы ықтимал екендігін мәлімдеп, елдің әскери күш-қуаты қатарын нығайту қажеттігіне тоқталды.
Бүгін телеарнадан сөйлеген сөзінде М.Саакашвили ресейлік 2 ұшақтың 2 грузин қаласын бомбалағанын мәлімдеді. 
Ол сонымен қатар грузин әскерінің сепаратистік Оңтүстік Осетияның астанасы - Цхинвали қаласының басым бөлігін басып алғанын хабарлады. 

Бүгін Ресейдің Оңтүстік Осетиядағы бітімгершілік күштерінің қолбасшысы грузин жағының зеңбіректен атқылауынан бітімгер жауынгерлердің қаза тапқанын мәлімдеді, бірақ нақты санын атамады. 
Ресей премьер-министрі В.Путин Грузияның іс-әрекетін “басқыншылық” деп бағалап, ондай әрекеттің “жауапсыз қалмайтынын” ескертті.
XS
SM
MD
LG