Accessibility links

Жазғы Олимпиаданың ашылу салтанаты басталды


Бейжіңдегі ХХІХ-ыншы жазғы Олимпиада ойындарының дәл осы сағатта басталған ашылуы салтанатын 80 мемлекеттің саяси басшылары мен патшалары, оның ішінде АҚШ президенті мен Ресей премьер-министрі Дж.Буш және В.Путин қызықтауда. 2008 жылдың 8-ші айының 8-і күні жергілікті уақыт бойынша кешкі сағ. 8-де басталған ашылу рәсіміне мыңдаған спортшы мен өнер шебері қатысуда. “8” саны Қытай үшін “қаситетті сан” болып есептеледі.
Олимпиаданың ашылу салтанатын Қытайда ресми сапарда жүрген Қазақстан президенті Н.Назарбаев та қызықтайды.
Олимпиада ойындары 24 тамызға дейін жалғасып, 200 елден 11 мыңға жуық атлет спорттың 28 түрінен бақ сынайды.
XS
SM
MD
LG