Бүгін Ресей грузин-абхаз жанжалы аумағынан әскерін толық шығаратынын жариялап, Грузия әскеріне қаруын тастау туралы үзілді-кесілді шарт – ультиматум қойды.
Бітімгершілік күштерінің қолбасшысы Сергей Чабан мәлімдегендей, басқаша жағдайда Ресей жағы күш қолданады. Қаруды ТМД-ның ұжымдық күштерінің бақылау постарына тапсыру керек. Ультиматум қойылғанын Ресейдің қорғаныс министрлігі растады.
Оның алдында грузин-абхаз жанжалы аумағы – Грузияның Зугдиди ауданына - ТМД-ның бітімгершілік күштеріне Ресей қосымша әскерін жіберген болатын. Абхазияның қарулы құрамалары Кодор шатқалының жоғарғы бөлігін бомбалап жатқанын Абхазиядағы БҰҰ-ның бақылаушылары растады.