Ресми Теһран мен Еуропа Одағы Иранның ядролық бағдарламасына байланысты келіссөзін жалғастыруға келісті. Иран телекомпаниясының хабарлауынша, келіссөз жүргізуші Иран делегациясының жетекшісі Саед Джалили мен ЕуроОдақ басшылығының мүшесі Хавьер Солана бүгін телефон арқылы әңгімелесіп, осылай деп келіскен. Х.Солананың өкілдері телефон әңгімесі болғанын растады, бірақ әңгіменің мән-жайын хабарламады.
Өткен аптада Еуропа Одағы уран шикізатын байыту жұмыстарын тоқтатудан бас тартқан Иранға қарсы жаңа санкция қабылдады.
Өткен аптада Еуропа Одағы уран шикізатын байыту жұмыстарын тоқтатудан бас тартқан Иранға қарсы жаңа санкция қабылдады.