Accessibility links

Ресейдің Абхазиядағы әскері Грузияға бағыт алды


Ресей өз әскерінің Грузиядан бөлінген Абхазиядан шығып, Грузияға қарай жылжығанын растады. Ресейдің қорғаныс министрлігі хабарлағандай, "Сенаки" операциясы Грузия әскерінің Оңтүстік Осетияға қарсы жаңа соғыс операциясын іске асыруына бөгет қою үшін қажет болды.
Өз кезегінде Грузияның қорғаныс министрлігі хабарлағандай, қаладағы Грузияның әскери базасына қарай Ресейдің әскери техникасы жылжып келеді.
XS
SM
MD
LG