Accessibility links

Қазақстанда заңсыз әрекет жасаған 17 миссионер елден шығарылды


Оңтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы аймақта заңсыз діни жұмыспен айналысқан Ресей азаматын анықтаған.
«Өзбекстандық 15 кісіге христиандық діннің негізгі бағыттары мен діни уағызды таратудың әдістері жөнінде дәріс оқыған ресейлік азамат тиісті органдарда миссионер ретінде тіркелмегендіктен, оның іс-әрекеті әкімшілік кодекс талаптарын бұзу деп бағаланды», - делінген Оңтүстік Қазақстан заң органдарының дерегінде.
Осы іс бойынша Ресейдің 2 азаматы мен өзбекстандық 15 адам Қазақстан аумағынан шығарылып, оларға енді 5 жыл бойы Қазақстанға келуге тыйым салынатыны ескертілген.
XS
SM
MD
LG