Accessibility links

Ресей президенті соғыс қимылдарын тоқтатуға бұйрық берді


Дмитрий Медведев бес күнге жалғасқан қарулы қақтығыстардан кейін және Франция президенті Николя Саркозидің Мәскеудегі баспасөз-мәслихаты басталар алдында осындай шешім қабылдады.

Ресей президентінің Қорғаныс министріне Грузиядағы атыстар мен шабуылдарды тоқтату туралы бұйрық бергені жөніндегі жаңалық агенттіктерінің хабарларын Кремлдің баспасөз хатшысы да растады.

Бұл жаңалық Ресей әскери ұшақтары Грузияның Гори қаласында әуе шабуылдарын қайта жаңғыртты деген хабарлардан кейін және АҚШ президент Дж. Буш Мәскеуді соғыс қимылдары үшін айыптаған соң белгілі болды.

Рейтерс агенттігі Горидағы бомбалаудан кемінде бес адам қаза тапты деп хабарлады. Грузия теледидары қаланың орталық алаңы қирап, университет ғимараты отқа оранғанын көрсеткен.
Соғыс хронологиясын осы арадан көре аласыз
XS
SM
MD
LG