Accessibility links

Қазақстан Кавказдағы қақтығыста зардап шеккендерге көмек береді


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен ел үкіметі грузин-осетин қақтығысы кезінде зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсету үшін резервтен қаржы бөлді, деп хабарлады сәрсенбі күні премьер-министрдің баспасөз қызметі.
Гуманитарлық жәрдем ретінде азық-түлік өнімдері, дәрі-дәрмектер мен киім-кешек және құрылыс материалдары жіберілмек. Сондай-ақ, ҚР Үкіметі шиеленіске қатысы бар тараптарды халықаралық қауымдастық көрсетіп отырған гуманитарлық көмектің еш кедергісіз әрбір мұқтаж адамға жетуі үшін қажетті жағдай жасауға шақырды.
XS
SM
MD
LG