Accessibility links

Мушарраф биліктен өзі кеуті мүмкін


Пәкістанда Первез Мушаррафтың президент билігінен өз ықтиярымен кетуі мәселесі бойынша кеңестер өтіп жатыр. Ол туралы Мушаррафтың жақын үзеңгілесінің бірі Тарик Әзим хабарлады. Оның айтуынша, Мушарраф өзіне сенімсіздік, яғни импичмент жарияланбай тұрып биліктен кетуге әзір, бірақ ол сот тарапынан қудаланбауына кепілдік алғысы келеді.
Алайда Пәкістан президентінің ресми өкілі Рашид Куреш "Мушарраф өз еркімен биліктен кетуге әзір" деген хабарды “негізсіз” деп атады.
Президентке импичмент жариялау мәселесі Пәкістан парламентінде алдағы аптаның басында талқыланады.
XS
SM
MD
LG