Accessibility links

Ақ үй Кремлдің алдына тағы бір талап қоймақшы


Ресми Вашингтон Мәскеуден теңіз кемелерінің Грузия порттарына еркін кіруін қамтамасыз етуді талап етеді. Рейтер агенттігіне берген сұхбатында АҚШ мемлекеттік хатшысы көмекшісінің орынбасары Мэттью Бриза осылай деп мәлімдеді.
Ресей өзінің әскери кемелері Грузия жағалауына өтуге бөгет жасап тұр деген хабарды теріске шығарды. Алайда сәрсенбі күні Әзірбайжанның мемлекеттік мұнай компаниясы өз танкерінің Поти портынан шығуына Ресей кемелерінің бөгет жасағанын мәлімдеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG