Accessibility links

Меркель мен Медведев Сочиде келіссөз өткізеді


Бүгін Германияның федералдық канцлері Ангела Меркель Ресей президенті Д.Медведевпен келіссөз өткізу үшін Сочиге барады.
Бұл кездесу көптен бері жоспарланған. Бірақ Оңтүстік Осетиядағы оқиғаның салдарынан оның күн тәртібі өзгертілген. Атап айтқанда, екі жақ Кавказ аумағындағы ахуалды, оның ішінде босқындардың жағдайы мен оларға қайырымдылық көмек көрсету мәселесін және, әрине, Ресей мен Грузияның арасындағы дағдарысты бейбіт реттеу жолдары талқыланатын тәрізді.
Жексенбі күні А.Меркель Грузия басшылығымен келіссөз өткізу үшін Тбилисиге барады.
XS
SM
MD
LG